Ағымдағы жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде мемлекеттік органдардың жетекшілері азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды, деп жазады
Қоғамдық қабылдау төмендегі кесте бойынша жүргізіледі.
8 шілде - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Көшербаев;
13 шілде - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша) М.Ахметжанов;
15 шілде - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.Ахмедьяров;
20 шілде - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Баймолдина;
22 шілде - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Н.Ыбырайым;
22 шілде - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Т.Жақсылықов;
27 шілде - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Т.Дүйсенова;
29 шілде - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы
Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін.
Қабылдауға:
-Электрондық қоғамдық қабылдау арқылы: kk.nurotan.kz
-Бірыңғай Call-орталық арқылы: 8 800 080 4441 немесе 91-60-61
- Астана қ., Кенесары көшесі, 25 мекенжайындағы Республикалық қоғамдық қабылдауда жазылуға болады.
Сондай-ақ, басқа да облыс орталығының және Алматы қаласының тұрғындары қабылдау үшін Астанаға келмей-ақ, «Нұр Отан» партиясы филиалдарында өтетін видеоконференция арқылы қатыса алады.
Қабылдауға жазылу қабылдау басталғанға дейін 3 жұмыс күні қалғанда аяқталады.