ҚР инвестиция және даму министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды

2009 жылғы 12 наурыздан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.

ҚР инвестиция және даму министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды, - деп жазады zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

«Ж.М.Қасымбекті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым № 289

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек:

1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында туған.

Сәулетші-дизайнер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын және Еуразия университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Темірбанк» ААҚ бас банкир болып бастады. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің темір жол көлігі мен порттар бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің бастығы, Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры қызметтерін атқарған.

2005 жылғы қарашасынан Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылғы 12 наурыздан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздіге 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдерімен марапатталған.

Фото:bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: