Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінің түлегі Дәулет Батырхан Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және техника университетінің (UNIST) «Жыл студенті - 2016» атағын жеңіп алды. Бұл туралы жаңалықты Фейсбукте парақшасында Нұрбол Төлеубаев бөлісті, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.
«Сүйінші хабар!!! Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі Батырхан Дәулет Оңтүстік Кореядағы UNIST университетінің «Жыл студенті-2016» атағын жеңіп алды», деп жазды ол құттықтауында.
Аталмыш ЖОО сайтында «Қазақстандық студент Дәулет Батырхан (Жаратылыстану ғылымдары мектебі) және ганалық студент Стивен Корантенг Окронипах (Электр-есептеу техникасы мектебі) биылғы үздік шетел студенттері атанды», делінген.
Фото: kaztrk.kz