«Қазақстан барысында» Қарулы Күштердің намысын «Әскер барысы» Талғат Әміренов қорғайды

Таңертең – жылдамдыққа, күш пен төзімділікке аралық жаттығуларды орындаса, ал түстен кейін – қазақ күресі бойынша техникалық-тактикалық тәсілдерді жетілдіреді.

Жақында Астанада Елбасы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Аталған турнирде «Әскер барысы» атағының иегері, ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы Талғат Әміренов ҚР Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын болады, деп жазады ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі күні Әміренов турнирдің финалистерімен бірге оқу-жаттықтыру жиынынан өтуде. Спортшылар күн сайын екі рет жаттығу жасайды. Таңертең – жылдамдыққа, күш пен төзімділікке аралық жаттығуларды орындаса, ал түстен кейін – қазақ күресі бойынша техникалық-тактикалық тәсілдерді жетілдіреді.

«Мен алдағы турнирде Қарулы Күштердің намысын қорғайтынымды мақтан етемін. Дегенмен, осындай үлкен жауапкершілік алдында мақтанышпен қоса толқу да жоқ емес. Жаттығуларды жасай жүріп қарсыластарымды да зерделеймін. Олардың ішінде жеңгендерім де бар. Мысалы, 2013 жылғы «Қазақстан барысы» атағының иегері, менің жерлесім Айбек Нұғымаров. Дегенмен, спортта бәрі басқаша, бүгін жеңіске жатсең, ертең жеңілуің әбден мүмкін. Сондықтан барынша жақсы дайындалып, психологиялық тұрғыда дайын болу қажет», – деді Талғат Әміренов.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 7 мамырында ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің арасында «Әскер барысы» атағына қазақ күресі бойынша алғаш рет ашық турнир өткен болатын.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: