Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз құрылыс бөлімінің басшысы К. Аққазановты ұстады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Аққазанов моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Екібастұз қаласының №2 емханасын қайта жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасауға жәрдемдескені үшін «Юнистрой» ЖШС өкілінен 500 000 теңге сомасында пара алған.
Қазіргі уақытта Аққазанов Павлодар қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот алды тергеу жүргізілуде, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Фото: informburo.kz