Британдықтар Еуроодақта қалмайтын болды. Себебі Корольдіктегі халық 17 миллионға жуық дауыспен кәрі құрлық елдерінің қауымдастығынан шығып, бейтарап өмір сүруді таңдады, деп жазады 24.kz арнасы.
Жалпы Brexit-ке келгенде, Корольдіктегі экономикалық маңызылығы жоғары аймақтар көзқарасының қақ жарылғаны да белгілі.
Атап айтсақ, Шотландия мен Солтүстік Ирландия Брюссельдегі басшылық қарамағында қалуды таңдаса, Уэльс халқы Еуроаймақтан шығуды қолдады. Осы ретте BBC құрған графикаға сәйкес, Еуроаймақта қалуды жақтайтындар саны да аз болмаған. Дауыс беруге қатысқан британдықтардың 16 милионнан астамы еуроаймақпен қош айтысқысы келмейтін болып шықты.
BBC-ден аударған: Г.Абилова
Фото: thenews.kz