Елімізде жүргізіліп жатқан «Көкнәр» сауықтыру іс-шарасының аясында Батыс Қазақстан облысындағы «Шыңғырлау» шекара заставасының шекарашылары заставадан 2,5 шақырымжерде иесіз өсіп тұрған қарасора (есірткілік өсімдік) алқабын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек ақпаратты тіркеу кітабына тіркеліп, құқыққорғау органдары хабарландырылған. Алдағы уақытта әкімдік, ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайдайлар бөлімшесі өкілдерінен құрылған комиссия шешімі бойынша есірткі алқабы жойылатын болады.
Фото: www.youtube.com