Премьер-Министр мал қорымдарын күзету мәселесін шешуді тапсырды

Кәрім Мәсімов бұл мәселені түбегейлі шешу керектігін атап өтті. Бұл мәселені Премьер-Министр ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің бақылауына тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы кезінде мал қорымдарын күзету мәселесін шешуді тапсырды. Ол сонымен қатар ірі қара малға ветеринарлық қадағалауды жүргізу сапасына көңіл бөлуді тапсырды. Бұл туралы , pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз кеше Қарағанды облысында түйнеме ауруының тіркелуіне байланысты кеңес өткіздік. Қалыптасқан жағдайдан байқағынымыз, бізде мал қорымдарын күзету мәселесі бақылаусыз қалған», - деді Премьер-Министр.

Кәрім Мәсімов бұл мәселені түбегейлі шешу керектігін атап өтті. Бұл мәселені Премьер-Министр ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің бақылауына тапсырды.

Кәрім Мәсімов мал қорымдары сенімді күзетке алынуы тиіс екенін мәлімдеді.

«Бұл мақсатқа қаржы бөлінген, сол ақшаның қайда кеткенін білу керек», - деді ол. Премьер-Министр күн тәртібіне қойған екінші мәселе – ірі қара малға ветеринарлық қадағалау жүргізу болды.

«Менің ойымша, ветеринарлық қадағалау бойынша бақылау жеткіліксіз: қай жерде екпе салынады, қай жерде салынбайды, олар қайда сақталады және қайда қойылады, анық емес», - деді К.Мәсімов.

Фото: vk.com

Следите за новостями zakon.kz в: