Талас өзенінің деңгейіне қатысты жағдай Жамбыл облысы басшылығының бақылауында

Талас өзенінің деңгейіне қатысты жағдай Жамбыл облысының басшылығының бақылауында. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы кезінде белгілі болды.

Үкімет отырысы кезінде Кәрім Мәсімов Жамбыл облысының басшылығынан Талас өзененің деңгейінің көтерілуіне байланысты жағдай туралы сұрады. «Киров су қоймасының жобалық қуаттылығы - 550 млн., бүгінгі таңда 518 млн. текше. Киров су қоймасына секундына 96 текше су түседі, 100 текше су лықсиды, оның ішінде 85-і Жамбыл облысындағы Талас өзені арқылы өтеді. Өткен жылы Киров су қоймасында 286 млн. текше су болды. Біз кесте жасадық, қыркүйек айына дейін Киров су қоймасы бойынша суды қалпына келтіреміз», - деді Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев. Бұл туралы zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов Киров су қоймасына қатысты жағдайды ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевқа тапсырған еді.

Бұдан бұрын, 18 маусым күні Жамбыл облысында Қызылқайнар ауылына жақын маңда Талас өзенінде су деңгейінің көтерілуінен өзен арқылы өтетін ортаңғы коммуналдық газ құбырының тірегі шайылып кетті. Салдарынан газ құбырының бір бөлігі суға құлаған, ал Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарының тұрғындары – барлығы 620 абонент газсыз қалған.

Фото:newskaz.ru

Следите за новостями zakon.kz в: