Алматы және Астана әуежайларында Ыстамбұлға жоспарланған әуе рейстері кейінге қалдырылды. Жақын арадағы Turkish Airlines-тің Ыстамбұлға жоспарланған рейсі кейінге шегерілді, деп жазады 24.kz арнасы.
Сондай-ақ Air Astana-ның кешкі рейстері және Ақтау арқылы өтетін Ыстамбұл рейстері кестеге сай ұшатын болады. Ал сәрсенбі күні Turkish Airlines пен Air Astana әуекомпанияларының рейстері терактіге дейін Қазақстанға ұшып шыққан.
Айта кетейік, 28 маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында үш бірдей жарылыс болып, 36 адам қаза тауып, 147 адам жараланған болатын.
Фото: www.votpusk.ru