Жарылыстар кезінде Ыстамбұл әуежайында 26 қазақстандық болған. Олар Болгарияға ұшуы тиіс еді. Оқиға орнына жедел жеткен Түркиядағы елшілік өкілдері барлық отандастарымыздың қауіпсіз жерге көшірілгенін айтады, деп жазады 24.kz арнасы.
Енді олар жақын уақытта жолға шығуы тиіс. Сонымен қатар дипломаттар барлық ауруханаларға арнайы барып, жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.
Фото: myavia.com.ua