Ақтауда адамдардың улану оқиғасынан кейін Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті (ТҚҚД) базарларда сатылып жатқан қарбыздардың сапасын тексеріп, биылғы жылы жеміс-жидектерде нитраттардың шектеулі нормадан асып кету жәйттері анықталмағанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
Ведомствоның ақпаратына сай, жеміс-жидектерде биыл нитраттардың шектеулі нормадан асып кету жәйттері анықталмаған. Бүгінгі таңда Алматыда бау-бақша өнімдерінен, нақты айтқанда қауын-қарбыздан улану дерегі тіркелген жоқ.
«Бау-бақша өнімдеріндегі нитраттар шектеулі нормадан асып кеткені анықталған жағдайда аталмыш өнімнің қайдан жеткізілгені, оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары тексеріледі», – деді ТҚҚД басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Әбдіжаппарова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ереже бұзушылық анықталған жағдайда айыппұл салынып, өнім саудадан алынады.
Фото:frant.me