«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 4 шілде күні сағат 08:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады 24.kz арнасы.
Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 497 шақырым жерде Қырғызстан, Тәжікстан мен Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2 болса, MPV магнитудасы - 5,1, ал тереңдігі - 10 шақырым.
Фото: bnews.kz