Алматыдағы Майлин көшесінде орналасқан 2 үйдің тұрғындарын аудан әкімдігі салған қоршау ұрыстырды. Жабайы сауданың көркін қыздырғандардың жолына тосқауыл болу үшін қойылған темір шарбақ осыдан 1 апта бұрын орнатылыпты. Содан бері көршілердің арасында айғай-шу басылмай тұр, деп жазады Алматы телеарнасы.
Бұл Түрксіб ауданында орналасқан көрші 2 үйдің тұрғындары. Олардың пікірлері екіге бөлініп, күнде қызыл кеңірдек болып ұрсып жүргендіктен ақ-қараны анықтауға біздің телеарнаны шақырды. Араздастырған мына қоршау болып шықты. Осыдан 1 аптадай уақыт бұрын орнатылған шарбақты тұрғындардың бірі 12 жыл бойы аудандық әкімдіктен сұрап жүріп, орнаттық, дейді. Ал екінші топ - қоршау жолды жауып, әдбен қиындық тудырды деп наразы.
Ал келесі топтағы тұрғындар бұл Майлин көшесінде 10 жылдың көлемінде жабайы сауданың көркі қыз-қыз қайнағанын айтады. Тіпті саудагерлердің тұрғындарды басынғаны соншалық, тыныштық бермегені былай тұрсын, заңсыз сауданы үйлердің дәл ауласында жүргізуді әдетке айналдырыпты. Басынатын жөні де бар екен. Өйткені, нөмірі 218-ші және 220-шы үйлерде тұратын 20 шақты тұрғын осы заңсыз саудамен өздері айналысатын көрінеді. Олар жылы орыннан айырылып қалғандықтан, басқа тұрғындарды көндіріп, негізсіз шу шығарып жатырса керек.
Жабайы сауданың көркін қыздырғандарға аудан әкімдігі сан мәрте ескерту де жасап, заңды сауда орындары мен жәрмеңкелерді ұсынған. Бірақ ақы төлемейтін әрі халық жүретін көшелер мен аулаларды май шелпекке айналдырып алғандар кеткілері келмейді. Амалдары қалмағасын, әкімдік темір қоршау орнатып, істеріне тосқауыл қойыпты. Әйтсе де дәл осы екі үйдің артында Монтажная көшесі бар.
«Майлин көшесіндегі тұрғындар бір емес бірнеше мәрте жабайы сауданың кесірінен тыныштықтары бұзылғанын айтып шағымданған болатын. Тәртіп сақшыларымен түсіндірме жұмыстарын жылдар бойы жүргізіп келеміз. Бірақ олар жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ секілді қайта шығып алады. Ал шу шығарғандар саудагерлердің өздері», - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы кәсіпкерлекті және өнеркәсіпті қолдау жөніндегі бөлімнің басшысы Қанат Сағындықов.
Екі тараптың оқиғаға байланысты пікірлерін тыңдағанан бөлек, екі үйдің бергі жағындағы Монтажная көшесін өз көзімізбен қарап шықтық. Шынында да бұл араздықты тек жабайы сауданың көркін қыздыра алмай қалғандардың жасағанын түсіндік. Енді әкімдік саудагерлер тыныштылғанда, кодты құлып қойып бермек.
Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев
Фото:www.nastroeniya.net