Бүгін Ақордада Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев олардың әрқайсысына жанкүйер болатындығын айтты, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
«Көпшілігі жас, сіздердің алдарыңызда тағы да сан түрлі жарыстар болады. Сіздер барша Қазақстан, оның ішінде менің де сіздердің әрқайсыларыңызға жанкүйер болатындығымды есте ұстауға тиіссіздер. Сіздердің қатысуларыңыз барша қазақстандықтарды шабыттандырады, оларды қуантады. Сондықтан сіздердің алдағы жеңістеріңізді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сый ретінде күтеміз», - деді Елбасы.
Марлан Жиембай
Фото: www.inform.kz