Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласы тұрғынының пәтерінен есірткінің ірі партиясын тапқан. Ұсталған ер адам қамауға алынды, деп жазады mangystautv.kz.
23 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған. Бұл жайында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі «Көкнәр-2016» арнайы операциясы кезінде анықталды. Полиция күдіктіні анықтап, 28 маусым күні есірткі заттарын сақтау фактісін анықтау үшін арнайы операция ұйымдастырды. Жалдамалы пәтерді тінту кезінде есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел әрекет ету жасағы жалпы салмағы 19 келіге жуық 15 полиэтилен пакетке оранған марихуана тәркіленіп алынды.
Алтынбек Қалиев - МО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы
МО ІІД ЕБҚК басқармасы қызметкерлерімен 28 маусым күні, Ақтау қаласында жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында 14-ші шағын ауданда азамат К. ұсталып, оның жалдап тұрып жатқан пәтерді тексеру кезінде 19 келіге жуық есірткі заты тәркіленіп алынды. ҚР ҚК 296-шы бабының 4-ші бөлігімен іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сотпен қамауға санкциясы берілді. Қазір қамау изолаторында.
Фото: nzhktv.ru