Астанада жыл басынан бері 70 мыңнан астам әкімшілік ұсақ құқықбұзушылық анықталды. Соның ішінде 2 мың азамат қоғамдық орындарда бөгде жанға тиіскені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Елімізде қылмысты төмендету және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға төзбеушілікті қалыптастыру саясаты жүзеге асырылуда.
Ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда темекі шегу және алкогольдік ішімдіктер ішу, қоқыс лақтыру және т.б. секілді ұсақ құқықбұзушылықтарға төзбеу қағидасын орындау аясында жергілікті полиция қызметі жыл басынан бері 70 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
«Ұзақ бұзақылық жасаған 2600 азамат жауапкершілікке тартылды, оның 300-і әкімшілік қамауға алынды. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішу және мас болып жүргені үшін учаскелік инспекторлар 12 мың құқық бұзушыны ұстады. Қоғамдық орында темекі шеккен 11 мың адам жауапқа тартылса, 2 мыңнан астам азамат қоғамдық орындарда бөгде адамға тиіскені үшін жауап берді», – деді Астана ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бейсембаева.
Фото: today.kz