Қазығұртта өзбекстандық жұмысшылар үй иесін пышақтап кетті

Zakon.kz
30 жастағы Өзбекстан азаматшасына іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оңтүстіктің полицейлері Қазығұрт ауданының тұрғынына жасалған қарақшылық шабуылды ашты. 5 шілде күні аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне аудандық ауруханадан суыт хабар түскен. Дәрігерлер өздеріне пышақ жарақатын алған әйелдің жеткізілгенін хабарлайды. Бұл туралы «Жас қазақ» ұлттық апталық газеті жазды.

Ауруханаға тез арада тергеу тобы жетеді. Сұрау барысында анық болғаны, 40 жастағы азаматша үйіне жұмысшыларды жалдайды. Ал олар жұмыс істеудің орнына қожайындарын пышақтап, байлап, 2,5 миллион теңге ақшасын алып кетіпті.

Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 192-бабымен (қарақшылық) іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Жедел-тергеу тобы құрылып, іздеу нәтижесінде полицейлер күдіктілердің бірі, 1994 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады.

Ал оның сыбайласы, 30 жастағы Өзбекстан азаматшасына іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: jasqazaq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды