Шымкентте героин сатқан екі әйел ұсталды

Zakon.kz
Сұрастыру барысында 44 жастағы екі әйелдің екеуі де бұған дейін сотты болғаны анықталды.

Шымкентте есірткі затын сатпақ болған кезінде екі әйел ұсталып отыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады otyrar.kz.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 12 шілде күні арнайы операция жүргізу барысында Ворошиловка елдімекенінің екі тұрғынын ұстады. Олар есірткі затын заңсыз сақтады және сатпақ болды деп күдіктеліп отыр.

Сұрастыру барысында 44 жастағы екі әйелдің екеуі де бұған дейін сотты болғаны анықталды. Олардың үйін тінту кезінде кір жуғыш машинаның ішінен сұрғылт түстес ұнтақ салынған қалта табылды. Сот сараптамасы нәтижесінде бұл ұнтақтың героин екені анықталып отыр. Салмағы — 640 грамға жуық.

Қазір осы факті бойынша қылмысты іс қозғалып, күдікті әйелдер уақытша тергеу абақтысында қамауда жатыр. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталды.

Фото: otyrar.kz.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

22 подростка госпитализированы на юге Казахстана после тренировочных сборов

На юге Казахстана впервые за 40 лет запущенные каналы приводят в порядок

В Голливуде опять "разнесли" Тимура Бекмамбетова