Павлодарлық археологтар Қимақ кезеңіндегі күймені тапты

Zakon.kz Zakon.kz
Арба 1,5 метр тереңдікте табылды. Зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін Павлодарға танымал қазақстандық рестовратор Крым Алтынбеков бастаған бір топ ғалым келді.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына қарасты ғылыми зерттеу орталығының археологтары Қимақ дәуіріндегі күйме арбаны тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Археологиялық экспедицияның жетекшісі Тимур Смағұловтың айтуынша, бұл жаңалық Қимақ қағанатының Павлодар өңіріне қатысы бар екендігінің тағы бір дәлелі.

- Біздің мамандар қалаға кіре берістегі Байдала аймағында зерттеу жұмыстарын жасап, болашақ Павлодар-Өскемен автобанынының маңынан қимақтардың күймесін тапты. Сондай-ақ, біз күймемен тасымалданған заттарды және адамды да таптық. Бұл сенсация Ертіс өңірінде тұңғыш рет анықталып отыр. Табылған заттар өте нәзік, сондықтан оны құммен бірге қазып алып, балауыз құйып қатырдық. Мұндай жұмыстарға екі күн және 25 келі балауыз кетті, - дейді Тимур Смағұлов.

Арба 1,5 метр тереңдікте табылды. Зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін Павлодарға танымал қазақстандық рестовратор Крым Алтынбеков бастаған бір топ ғалым келді.

Фото: Рavlodarnews.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Массовые задержания прошли в ряде регионов Казахстана: в МВД назвали причину

Самой молодой женщиной-миллиардером стала основательница ИИ-стартапа

Анастасия Волочкова показала кадры со свадьбы 19-летней дочери

33-градусная жара и сильные дожди в Алматы: прогноз на неделю

В каком случае казахстанцам придется несколько раз сдавать на права