Қарағандыда 60 жастағы жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

Автопарк басшылығы бұл факт бойынша қандай да бір сұхбат беруден бас тартып отыр.

Бүгін таңертең сағат 9:00 шамасында Қарағанды қаласының Сәкен Сейфуллин көшесінде «Қарағанды-Саран-Қарағанды» бағытындағы №165 автобус 60 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп жазады 24.kz арнасы.

Апат орнында ауыр жарақаттар алған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Автобус №3 автопарктің балансында тіркелген. Автопарк басшылығы бұл факт бойынша қандай да бір сұхбат беруден бас тартып отыр. Жол-көлік апаты бойынша бүгін ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Айнұр Абдиева

Фото: alau.kz

Следите за новостями zakon.kz в: