ОҚО-да жолаушылар толы автобус жол апатына ұшырады

Апат кезінде автобустың салонында 51 жолаушы болған. Екі көлік бір-бірімен қарама-қарсы соқтығысқан.

Оңтүстік Қазақстан облысында жолаушылар толы автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам мерт болды. Қайғылы оқиға 17 шілде күні сағат 03:00 шамасында Түлкібас ауданындағы Састөбе елді мекенінің бұрылысында болған, деп жазады 24.kz арнасы.

Апат кезінде автобустың салонында 51 жолаушы болған. Екі көлік бір-бірімен қарама-қарсы соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза болып, тағы екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді. «Жарақат алғандар алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды», - дейді аудандық ішкі істер бөліміндегілер.

Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері жол-көлік оқиғасының орын алу себептерін анықтап жатыр.

Қ.Жүнісбеков

Фото: bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: