Көкшетауда әкесі мен ұлы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды

Zakon.kz
Ақмола облыстық ІІД хабарлағандай, полицейлер оқиға орнына барып көлікті қарап, куәгер болуы мүмкін адамдарға сұрақ қойды. Бұл күдіктілердің фотороботын жасауға көмектесті.

Көкшетау қаласындағы бейнебақылау камераларының көмегімен ұрлық жасады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

16 шілдеде Көкшетау қаласы ІІБ кезекшілік бөліміне жеке заттарының ұрланғанын айтып 30 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Ер адамның сөзіне қарағанда, белгісіз біреулер оның «Газель» маркалы көлігінің шынысын жарып, жеке заттарын жымқырған. Келтірілген залал 130 000 теңгеге бағаланды.

Ақмола облыстық ІІД хабарлағандай, полицейлер оқиға орнына барып көлікті қарап, куәгер болуы мүмкін адамдарға сұрақ қойды. Бұл күдіктілердің фотороботын жасауға көмектесті.

Күдіктілердің қайда екенін анықтауға Көкшетау қ. ІІБ ЖБО вокзал маңы алаңында орналасқан бейнебақылау камералары көмектесті. Инспектор-бейнебақылау бойынша кезекші полицияның аға лейтенанты Талғат Есеналин сырт пішіні бойынша күдіктілерге ұқсас адамдарды байқап қалды.

Ол жерге тәртіп сақшылары жөнелтілді. Ұрлық жасады деген күдікпен екі жергілікті тұрғын әкесі мен ұлы ұсталды.

Қазір ҚР ҚК 188 бабы 2 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы ұлы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, 1964 жылы туған әкесі «міндетті түрде келу» туралы қолхатпен жіберілді. Полицейлер олардың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар не жоқ екенін тексеріп жатыр.

Биыл бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 75 қылмыстың беті ашылды, 9 000 жуық құқық бұзушылық анықталды.

Фото: danata.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Максим Галкин порадовал поклонников семейным снимком и необычным видео

Контрабандисты через туннель на границе переправляли из Казахстана в Узбекистан топливо

Женские привычки, которые бесят мужчин больше всего

Специальная социальная выплата: кому положено более 208 тысяч тенге ежемесячно

Самые холодные мужчины по знаку зодиака