Алматы тұрғыны Дәулет Құрманбаев 18 шілде күні болған теракттан өз көршісінің қаза тапқанын естіді. Өзінің Facebook парақшасына Дәулет қоштасу постын жазып, Аян Ғалиев туралы өз естеліктерімен бөлісті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
«Ниццада теракт болғанда, маған оның қатысы жоқ деп ойладым. Ақтөбеде теракт болғанда да өзімді қауіпсіз жердемін деп жұбаттым. Туған қалам Атыраудағы теракттан соң, туыстарым үшін алаңдадым», -деп бастады Құрманбаев.
Ол ауладағы көршісінің қаскөй боп шыққанына таң қалды.
«Біз бірнеше рет футбол ойнағанбыз. Мейрамбек өте салмақты еді, университетте үздік оқыған. Ал мұнда Халифат сарбазы - бомба жарыпты», - деп таңданысын жасыра алмады.
Аянмен Д.Құрманбаев орталықтан 20 шақырым жердегі Жаңатұрмыс елді мекенінде көрші болыпты.
«Ескі гольф көлігі оны жұмысқа алып баратын. Аян өте мейірімді еді. Өте кеш үйленді және бірінші қызы туғанда өте бақытты болды. Кейін екінші қызы туылды», - деп жазды Д.Құрманбаев.
Ол өз көлігінің жанында тұрған бейтаныс ер адамды Аянның байқағанын және өз міндетіне жатпаса да, әлгі адамды Аянның сұрақтың астына алғанын еске алды. Ол халықтың тыныштығын күзетті.
«Бүгін Алматыда теракт болғанда, әлемнің өзгергенін түсіндім. Бұл алыстағы Еуропада емес, өз елімізде болып жатыр. Біз өте мұқият және сақ болуымыз керек. Қолдағы барды бағалайық», - деді.
«Мерт болған полиция суреттерінің арасынан Аянды көріп таң қалдым. Ол біздің тыныштығымызды күзетті. Өзінің өмірін қиды.Иманды болсын», - деп аяқтады.
Фото: www.inform.kz