Оңтүстіктің құтқарушылары альпинисті құтқарып қалды

Оңтүстіктің құтқарушылары альпинисті құтқарып қалды. Оқиға Төле би ауданы Сайрам су шатқалындағы Қорымтор асуында болған.

Төрт адамнан құралған топ атуға өрмелей бастайды. 3500 метр биіктікке жеткенде араларындағы 26 жастағы Гиес Хасановтың жағдайы нашарлап кетеді. Жас жігіттің өкпесіндегі сұйықтықтың мөлшері артып кетіпті. Тауға өрмелеушілер ұялы телефонмен құтқарушыларға хабар беріп үлгереді, деп жазады otyrar.kz.

Суыт хабарға орай «Қазәуеқұтқарудың» тікұшағы тауға аттанады. Онда экипаж командирі Алпысбаев пен екі экипаж мүшесі бар. Бұған қоса бортта тәжірибелі тауға өрмелеушілер Марс Садықов, Виктория Воробьева мен аға құтқарушы Зайтенов бар.

Көрсетілген жерге жеткен соң Зайтенов жаны қиналған жігітке алғашқы көмекті көрсетті. Содан кейін кезекші-диспетчер тобының жетекшісі Забира Сапарованың басқаруымен шатқалға апатты-медицина орталығының мамандары да жетті. Құтқарушылар туристі облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген. Жолда оған кәсіби дәрігерлік көмек көрсетілді дейді құтқарушылар.

Фото: otyrar.kz.

Следите за новостями zakon.kz в: