Сейсмологтардың мәліметінше, Алматы уақыты бойынша сағат 11:25-те 4,1 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Қазақстан жаңалықтары АА.
"Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 282 шақырым жерде, Қытай аумағында болды",- делінген хабарламада.
Екінші 5 магнитудалық жер сілкінісі 4 минуттан кейін сағат 11.29-да болды.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 518 шақырым жерде, орналасқан", — делінген хабарламада.
Фото: jurnal.md