Маңғыстауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Zakon.kz
Әзірге өрттің неден шыққан белгісіз.

Маңғыстау облысы ТЖ депаратаменті хабарлауынша Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 44 шақырымында «КАвЗ» маркалы автобус өртеніп кетті, – дейді BAQ.kz порталы.

Көлікте тек жүргізуші ғана болған. Өрт шыққан кезде ол қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама 14:45-тер шамасына келіп түскен.

Оқиға орнына Мұнайлы ауданының №5 өрт бөлімі бригадасы келді. Қызметкерлер өртті өшірді, бірақ автобус тұтас өртеніп кеткен.

Автобус «Маңғыстау мұнайгаз» компаниясына тиесілі болған. Ол кен орнынан жұмысшыларды алып кету үшін Жетібай ауылына бағыт алған екен.

Әзірге өрттің неден шыққан белгісіз. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр - дейді Маңғыстау облысы ТЖ депаратменті.

Фото: news.mail.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Дуэт Алсу с богатейшим азербайджанцем сразил публику

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

Самойлова и Джиган объявили о радостном семейном событии

Петросян раскрыл смысл брака с Брухуновой

Признаки того, что отношения перестали быть взаимными, назвала психолог