ШҚО-да депо қызметкерлері вагон тонаған

Zakon.kz
Аталған қылмысқа қатысты күдіктілердің екеуі – локомотив депосы мен әскерилендіріліген теміржол күзетінің қызметкерлері.

Көлік полицейлері сомасы 3,5 млн теңгеге жуықтайтын тұрмыстық тауарларды ұрлаған локомотив депосы мен ӘТЖК қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды BNews.kz.

Биылғы жылдың 6 шілдесінде Желілік ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Достық стансасында жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 49 бума әйелдің бас киімін жымқырған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 5 тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында анықталғандай, ұсталғандар жоғарыда аталған тауарды 4 маусым күні «РЗД-Қарақұм» аралығында «ҚХР-Өзбекстан» бағыты бойынша келе жатқан вагон контейнерінен қолды қылған.

Аталған қылмысқа қатысты күдіктілердің екеуі – локомотив депосы мен әскерилендіріліген теміржол күзетінің қызметкерлері болып табылады.

Келтірілген зиян көлемі - 3 492 059 теңге. Заттай айғақ алынды.

Қазір ұсталған 5 азамат қамауда отыр. Аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген айыппен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: www.mk.ru


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Снегопад и 27-градусный мороз: резкая смена погоды ожидается в Казахстане

Новая банкнота: Нацбанк обратился к казахстанцам из-за 10-тысячной купюры

70-летняя Любовь Успенская показала друга