Павлодарда өз итіне қорлық көрсеткен ер азамат 1 млн теңге көлемінде айыппұл өтеуге міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
- Таңғы сағат 6.30 шамасында қала тұрғыны хабарласып, көршісінің итті азаптап жатқанын айтқан. Кейін белгілі болғандай, ит сол ер азаматқа тиесілі болып шықты. Аталмыш іс бойынша ҚР ҚК-нің 316 бабы тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 500 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 90 күнге дейін темір торға тоғытылады, - деп жазылған хабарламада.
Фото: www.youtube.com