Ақтөбеде бес қабатты үйдің төбесінен су кетіп, бірнеше пәтерге жайылған

Қазір Мұғалжар ауданында жедел штаб құрылып, су сорылып жатыр. Метеорологтар «ертең де күннің көзі ашылмайды, күшті жаңбыр жауады» деген болжам айтуда.

Ақтөбе облысында толассыз жауын әбігерге салды. Қандыағаш қаласында су деңгейі 20 сантиметрге көтеріліп, 47 ауланы шайып кеткен. Сонымен қатар гимназия мен балалар бақшасының жертөлесі де су астында қалды, деп жазады 24.kz арнасы.

Екі көшенің бойындағы су өткізетін құрылымдар бүлінді. Бірақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті екі көпірді су шайып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазір Мұғалжар ауданында жедел штаб құрылып, су сорылып жатыр. Метеорологтар «ертең де күннің көзі ашылмайды, күшті жаңбыр жауады» деген болжам айтуда. Ал облыс орталығында су тасқыны жөнінде ешқандай шағым түспеген. Бірақ бес қабатты үйдің төбесінен су кетіп, бірнеше пәтерге жайылған.

Тұрғындардың айтуынша бұл үй жақында жөндеуден өткен. Бірақ шатыры жауынға шыдас бермегенге ұқсайды. Қауіпті болған соң үй толықтай электр көзінене ажыратылған.

Фото: klops.ru

Следите за новостями zakon.kz в: