Павлодарда қатты жауған жауын-шашынның әсерінен өткен аптаның жұма күнінен бастап 6-7 мың текше метрге жуық су тартып алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық ТҮКШ бөліміне қарасты жолдарды жөндеу секторының бас маманы Бауыржан Абылқасымов хабарлады.
- Жұма күнінен бастап сегіз арнайы көлік жұмыс істеуде. Оның төртеуі - ГАЗон, төртеуі - КамАЗ. Жұмыскерлер сағат 10.00-ден түнгі 3.00-ге дейін қызмет етеді. Жол бойында нөсердің суына арналған арнайы канализация бар, судың көбі сол арқылы кетеді. Қазір суды тарту жұмыстары екінші Павлодар аймағында жүргізілуде, - деді Бауыржан Абылқасымов.
Айта кетерлігі, Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, соңғы күндері Павлодарда жауын-шашынның рекордтық деңгейі жауған.
Абзал Қабдраш
Фото: Рavlodarnews.kz