Бүгін сағат түскі бір шамасында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері төрт баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабар еткендей, Павлодар қаласында Усолка шағын ауданының құтқарушылары Александр Носков, Артем Доценко мен Саид Токтасов 2006, 2007 жылы туылған төрт баланы судан шығарып алды.
- Екеуі шектеу белгісі қойылған аймақтан асып жүзіп кеткен, ал қалған екеуі оларды құтқармақшы болып тырысқан. Нәтижесіне төртеуі де суға кете жаздады. Зардап шегушілерге медициналық көмек қажет боламады, профилактикалық жұмыс жүргізілгеннен кейін балалар үйлеріне жіберілді, - деп жазылған хабарламада. Айта кетерлігі, биылғы жылы балалардың суға батып кету жағдайы жиілеп кеткен.
Фото: pavlodarnews.kz