Екібастұз қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде төрт жасар бала сегізінші қабаттан құлап аман қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.
- 2012 жылы туған нәресте Абай көшесі 72 үйдің сегізінші қабатынан құлады. Қалай құлап кеткені бізге белгісіз. Қазір ол қалалық ауруханаға жеткізілді, - деді баспасөз қызметінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхаммадиеваның айтуынша, төрт жастағы бала кеше 19.50 шамасында Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
- Баланың бас сүйек-миы қатты зақымданған, жағдайы ауыр деп бағалануда. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр, - деді Махаббат Мұхаммадиева.
Абзал Қабдраш
Фото: jtimes.ru