Қазақстанның бітімгершілері Ұлыбританиядағы оқу-жаттығуда жоғары деңгей көрсетті

Қазақстандық «ҚАЗБРИГ» бітімгершілік бригадасының әскери қызметшілері дене даярлығының жоғары деңгейін көрсетті.

«Станта» оқу-жаттығу орталығында Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Тәжікстан және Қырғызстанның бітімгершілері күш, ептілік және төзімділік тұрғысында бәсекеге түсті. Ұлыбританияда қызу жүріп жатқан «Дала қыраны-2016» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуының қатысушылары спорттық пәндер кешенінде, яғни, арқан тарту, гантельдермен эстафета, ауыр автотехниканы сүйрету, футбол және волейболдан өздерінің дене даярлықтарын паш етті, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Ұдайы физикалық жүктемелер және спортпен шұғылдануға әбден дағдыланып қалған әскери қызметшілер үшін мұндай халықаралық жарыстар нағыз спорттық мерекеге айналды. Қатысушылар тең нәтиже көрсете отырып, барынша күш салды. Қазақстандық «ҚАЗБРИГ» бітімгершілік бригадасының әскери қызметшілері дене даярлығының жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылардың айтуы бойынша, спорттық жарыстар оқу-жаттығу бағдарламасының ажырамас бөлігіне айналған және ұлтаралық командаларды керемет біріктіреді. «Дала қыраны-2016» оқу-жаттығуы Ұлыбританияда 13 шілдеде басталғанын айта кеткен жөн. Бұл халықаралық оқу-жаттығудың екінші кезеңі, бірінші кезеңі Қазақстанда осы көктемде өткен болатын. Қатысушылардың алдында тұрған негізгі тапсырмалар – бейбітшілікті қолдау жөнінде операциялардың барлық аспектілерін пысықтау болып табылады. Бес елдің бітімгершілері бірлескен жаттықтырулар өткізеді, тәжірибелерімен бөліседі және бірлескен арнайы операцияны өткізіп те қойды. Шамамен 650 әскери қызметші үшін оқу-жаттығудың өткен аптасы ахуалды оқып-үйрететін жаттығуларды жұмыс жасаумен ерекшеленді. Сценарий бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөнінде шынайы бітімгершілік операциялардың тәжірибесі негізінде жасалған.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: