Б.Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді

Zakon.kz
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Нысандарды 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестелерге сәйкес жүзеге асырылуда. 2 энергоблокты, 16 қазандықты және 12 турбинаны жөндеу аяқталды. Жылумен қамтамасыз ету желілерінің әзірлігі 54%, электрмен жабдықтау – 55%, білім беру нысандары - 65%, денсаулық сақтау нысандары – 64%, тұрғын үйлер – 46% құрайды. Бұл туралы zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қазандықтарды дайындау бойынша жұмыстардың төмен қарқындары Алматы облысында (32%), жылу желілері бойынша – Оңтүстік Қазақстан облысында (40%), білім беру нысандары бойынша – Алматыда (29%) байқалуда.

Қуаты 100Гкал/сағ дейінгі жылу көздерінде отынға сұраныс алдағы жылу беру маусымына 1 953 мың тонна көмірді және 196 мың тонна мазутты құрайды. Оған қоса, 525 мың тонна көмір және 79 мың тонна мазут дайындалып қойылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев энергетика, ұлттық экономика, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне нысандарды алдағы жылу беру маусымына дайындау барысын тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыруды тапсырды.

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне барлық жөндеу науқандарын толық орындау, коммуналдық сектор мен әлеуметтік сала нысандарының жылу беру маусымына уақытылы дайындау, әкімдердің орынбасарларына жеке жауапкершілік арту, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызды төмендету және ағымдағы қарыздың артуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Фото: pm.kz


Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Максим Галкин порадовал поклонников семейным снимком и необычным видео

Бозумбаев рассказал, была ли угроза для жилых домов при падении самолета в Актау

Авиакатастрофа в Актау: Минтранспорта сделало заявление

Женские привычки, которые бесят мужчин больше всего

Под угрозой оказались казахстанцы, чьи дети служат в армии