Биыл елімізде дәрі-дәрмекті сатып алуда 4 млрд 600 млн теңге үнемделген

Жалпы «СК-Фармация» мемлекетік сатып алуларды онлайн режімінде көрсетуді 2015 жылдан бастап қолға алған.

«СК-Фармация» кепілдендірілген тегін медициналық көмектің аясында ем алушыларды үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуларды кем дегенде жарты жыл бұрын жүзеге асыруға кіріскен. Биыл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жалпы сомасы 73 млрд теңгеден асатын 535 атау бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жариялаған, деп жазады 24.kz арнасы.

Сондай-ақ бүгін 2017 жылға арналған тендер онлайн режимінде көрсетілді. «Бұл өз кезегінде тендерге ашықтық береді», - дейді ұйымның басшылығы. Жалпы «СК-Фармация» мемлекетік сатып алуларды онлайн режімінде көрсетуді 2015 жылдан бастап қолға алған. Бұл шара бәсекелестікті арттырса керек, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы төмендеген.

Нұрсұлтан Ізбағамбетов, «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры:

- Бағаның түсуіне тауарды жеткізушілермен жүргізілген нәтижелі келіссөздер және кейбір логистика қызметтерінен жеңілдіктер сұрадық. Еуропалық фармкомпаниялармен де бірқатар келіссөздер болды. Осы кешенді түрде атқарылған жұмыстардың арқасында биыл баға 4 млрд 600 млн теңгеге дейін түсті.

Фото: egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в: