Министрлік 2016-2017 оқу жылына арналған оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен уақытылы және толық қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шараларды қолға алды. Қазіргі таңда оқулықтарды басып шығару және жеткізу жалғасуда, деп жазады zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Ел аймақтарына оқу әдебиеті тамыздың 1 мен 16 аралығында жеткізіліп, тамыздың 25 дейін барлық мектептер оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Еліміздің мектептерінде жаңартылған мазмұнды біртіндеп енгізу үдерісінің басталуына байланысты 1-сыныпқа арналған жаңа оқулықтар әзірленді.
Бес баспаның шығарған оқулықтары («Алматыкітап баспасы» ЖШС – «Обучение грамоте», «Қазақ тілі» (орыс мектептеріне арналған), «Орыс тілі» (қазақ мектептеріне арналған), «Музыка»; «Атамұра» корпорациясы» ЖШС – «Сауат ашу», «Көркем еңбек»/«Художественный труд»; «Мектеп» – «Математика», «Жаратылыстану/»Естествознание», «Дүниетану»/»Познание мира» (жасаушы – НЗМ); «Бөбек» ҰҒПОСО – «Өзін өзі тану»/ «Самопознание», «Express Publishing» ЖШС – «Ағылшын тілі») республикалық сараптаманың барлық кезеңдерінен өтіп, білім мекемелеріне қолдануға рұқсат етілетін оқу әдебиеттері тізіміне қосылды. 1-сыныпқа арналған барлық оқулықтар ұйғыр, өзбек, тәжік тілдеріне аударылды (ұлттық мектептер үшін).
Фото: liter.kz