Ақтоғай ауданында күкіртті сутекпен уланған үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кеше сағат 20.32-де орын алды.
- Ақтоғай ауылында Мүткенов көшесі, 55-ші үйдің алдында кәріз шұңқырын кеңейту барысында үш адам белгісіз заттан уланып, аудандық ауруханаға түсті. Олар 24, 26 және 29 жастағы қыз-жігіттер, - деді баспасөз қызметінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша 1987 жылы туған ер адамның жағдайы ауыр.
- 29 жастағы жігіт шұңқырдың астында қалып, ауыр жарақат алған. Қазіргі уақытта ол комада жатыр. Қалған екеуінің жағдайы әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша олар күкіртті сутекпен уланған, - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Назым Қарабаева
Фото: pavlodarnews.kz