Ақтөбеде студенттер мен жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға тартылуда. Қазірдің өзінде 500-ге жуық жас құжатын тапсырып, еңбек етіп жүр. Маусымдық жұмысқа қабылдау әлі де жүріп жатыр, деп жазады 24.kz арнасы.
Қаланы абаттандыруға атсалысқан студенттер мен оқушыларға 59 мың теңге жалақы төленеді. Қоғамдық жұмысшылар облыс орталығы және онымен іргелес ауыл-аймақтарды күл-қоқыстан тазартып, тал-дарақтарды баптаумен айналысады. Осыдан 3 ай бұрын қаланы абаттандыру шараларын ұдайы назарда ұстайтын арнайы штаб құрылған болатын. Жастар осы орталықпен бірлесе жұмыс атқарып, тұрғындардан түскен арыз-шағымдар бойынша қоқыс жиналып қалған жерлерге барады. Қаладан күніне 400-450 тонна, жылына 200 мың тонна тұрмыстық қалдық қоқыс полигонына шығарылады.
Эльмира Ранова, студент:
- Көптеген жерлерді тазаладық, осы үйде жиырмасынан бері жұмыс жасап жатырмыз, жиырмасынан бері тазалап, орындықтар қойдық, тұрғындар ризашылықтарын білдіріп жатыр. Өзіме бұл жұмыс ұнады, өзім бірнеше жылдан бері істеп келемін, ұнап жатыр.
Фото: 24.kz