Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Евгений Заворниковтың денесі табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ақпараттандырылған дереккөзден агенттікке мәлім болғандай, 25 жастағы жігіт суға батып кеткен.
- Евгенийдің мүрдесі бүгін түнде Омбы тас жолындағы саяжайлардың маңындағы сорғы станциясында табылды. Оның Евгений екенін иығындағы жұлдыз жорамалдарының белгісі арқылы таныдық, - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, тұрғындар соңғы рет жігітті шілденің 9-ынан 10-ына қараған түні Омбы тас жолындағы саяжайлардың маңында көрген. Бұл күні таныстарымен саяжайда демалған Евгений үйіне қайтып оралмаған.
Ол ЖЭС-2-де жұмыс істеген. Бұл оқиғаға қатысты облыстық ІІД-не ресми сауалхат жіберілді.
Фото: Рavlodarnews.kz