Кәрім Мәсімов БҚО-ның газ саласы дамуының өзекті мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ басшылығына аталған мәселелерді пысықтап, аса тиімді шешім шығаруды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында еліміздің газ саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Бұл тақырыпта ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады, деп жазады zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-орында, ал ТМД-да 3-орында тұр. Қ.Бозымбаев айтқандай, Қазақстанда жалпы газ өндіру көлемі 45,3 млрд м3 құрады, ал осы жылдың алғашқы 6 айында еліміздің мұнай компаниялары 22,7 млрд м3 газ өндірді.

Табиғи газды тұтыну көлемі 2015 жылы 12 101 241 м3, ал осы жылдың қаңтар-маусым айлары арасында – 6,42 м3 құрады.

Осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты ескерер болсақ, газ экспортының көлемі 2015 жылы - 12,7 млрд м3, ал 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,4 млрд м3 құрады. Қазақстандық газ негізінен Ресей мен Қырғызстанға импортталады. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы сол кезеңде жалпы көлемі 39,4 млрд м3 болатын ресейлік, өзбекстандық, түрікменстандық газ транзитталған.

Премьер-Министр мұндай статистикаға қарамастан, аталған салада уақтылы мән беруді талап ететін бірқатар мәселенің бар екенін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ басшылығына аталған мәселелерді пысықтап, аса тиімді шешім шығаруды тапсырды.

Атап айтқанда, Премьер-Министр негізінен мұнай және газды аз тұтыну жағдайында 2020 жылдан кейін газды ішкі тұтынудың артуына, табиғи шикізаттардың тиімсіз пайдаланылуына ерекше көңіл бөлді.

Анықтама үшін:

Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында энергетикалық инфрақұрылымның дамуына оң бағасын бере отырып, өткен 5 жыл ішінде энергетикада индустрияландыру бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Атап айтқанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда. Өткен жылдың соңында аталған газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталды, сонымен қатар «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырының үшінші жүйесі пайдалануға берілді. Мұның бәрі газ тасымалдаудың транзиттік және экспорттық бағыттарын әртараптандырып, оңтүстік аймақтардың импорттық газға тәуелділігін жояды.

Cаланың дамуы жүйелі бағдарламалық құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. 2014 жылы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас сұлбасы мен Газ саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, бекітті. Бұл құжаттарда отандық газ саласының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму перспективалары анықталды.

Құжаттарда газ саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен ел тұтынушыларын тұрақты газбен қамтамасыз ету, сонымен қатар ел аумағын газ құбырлары желісін кеңейту арқылы қамту бойынша жұмыстар бекітілген. 2030 жылға қарай Бас сұлбаның жүзеге асуының арқасында:

• газдандыру деңгейі қазіргі 7 миллионнан 10 миллион адамға дейін артатын болады;

• газбен қамтумен еліміздің 1 600 астам елді мекені қамтылады.

Елді газдандыру бойынша жұмыстар бюджет қаражаты, сонымен қатар газ және газбен қамтамасыз ету саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы қаражаты және мемлектетік-жекеменшік әріптестік есебінен қарастырылады

2006 жылдан бастап қазірге дейін бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 99 миллиард теңгеге аймақтарды газдандыру бойынша 130-дан астам жоба жүзеге асырылып, соның нәтижесінде соңғы 8 жыл жыл ішінде газдандырылған елді мекендер саны 730-дан 1200-ге дейін артты, әрі елді мекендерді газбен қамту 2 миллион адамға жетті.

Фото:today.kz

Следите за новостями zakon.kz в: