М.Тайжан: Комиссияның жұмысы жемісті болды

Zakon.kz
Сондай ақ, М.Тайжан жерін шексіз сүйетін ел мен Елбасыға үлкен алғыс білдірді.
Астанада өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында, Мұхтар Тайжан мораторийді 5 жылға ұзарту өте орынды шешім, - деген пікір айтты, деп хабарлайды Baq.kz
тілшісі.

Бiздiң комиссиямыздың жұмысы жемiстi болды деп есептеймiн. Үш айдың iшiнде осындай шешiмге келдiк. Жасыратыны жоқ, бұл ұсынысты бiзде талқыладық. Менiңше, мұндай шешiм бүгiн қабылданса, онда халықтың көңiлiнен шығады. Себебi, бес жыл жер ешкiмге сатылмайды, шетелдiктерге жалға берiлмейдi. Халықтың қалауы сол болды. Ал бес жылдан кейiн тағы да бiз аман болсақ, ел боламыз, тағы да қарастыруға болады»,-дейді М.Тайжан

Оның айтуынша, комиссия осы үш айдың ішінде аз жұмыс атқарған жоқ. Бірқатар, аса маңызды шешімдер қабылданған. Әлі де бірқатар мәселелердің басы ашық.

«Комиссия бес жыл жұмыс iстей алмайды, бiрақ жұмысшы топ па, басқа бiр шешiм қабылдауымыз керек. Парламенттiң iшiнде бұл ұсыныстарды түсiндiру, керек болса қорғау үшiн жұмысты топ құруымыз керек. Төраға айтып кеткендей, үш айдың iшiнде латифундизмге қарсы, жайылым жер туралы, басқа да дұрыс шешiмдердi қабылдадық» - деді Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық тобының жетекшісі М.Тайжан.

Сондай ақ, М.Тайжан жерін шексіз сүйетін ел мен Елбасыға үлкен алғыс білдірді.

«Менiң ойымша, бiрiншiден, патриоттық көрсеткен халыққа рахмет айтуымыз керек. Екiншiден, Президентке алғыс айту керек. Өйткенi халықтың пiкiрiн естiп, түсiнiп, мораторий жариялап, комиссия құрды. Ол да өте орынды шешiм болды. Үшiншiден, комиссия мүшелерiне рахмет айтамын»,-деді М.Тайжан.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

70-летняя Любовь Успенская показала друга

Да пошло оно ко всем чертям: Кристина Орбакайте выпустила новую песню

Основатель сети магазинов одежды Mango погиб на экскурсии на глазах у членов семьи

Сергей Лазарев объявил о своей особенности

Соседка по палате украла у больной пенсионерки 13 млн тенге