Алматыда жолаушылар мінген автобус жол жиегіне ұшып кетті

Куәгерлердің айтуынша, Шемякин көшесімен келе жатқан муниципальды автобус жүргізушісі өзге көліктерді басып озбақ болып, жолда жарыс ұйымдастырған.

Алматыда Шемякин көшесінде қоғамдық көліктің кесірінен жол апаты орын алды, деп хабарлайды BNews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Шемякин көшесімен келе жатқан муниципальды автобус жүргізушісі өзге көліктерді басып озбақ болып, жолда жарыс ұйымдастырған. Салдарынан қалалық автобус қарсы бетке шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан, кейін жол жиегіне ұшып кеткен. Оқиға орнына жеткен полицейлер автобустың 150 метрдей арық пен жол жиегінің тас-талқанын шығарғанын хабарлады. Қоғамдық көлік жолаушылары зардап шеккен жоқ.

Фото: www.vestikavkaza.ru

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: