Павлодар қаласында алғашқы жарты жылдың ішінде 213 жол көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы қала әкімі Нұржан Әшімбетов депутаттар мен белсінділер алдында есеп беру барысында мәлім етті.
- Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Павлодар қаласында 213 жол көлік апаты болды. Өкінішке орай, салдарынан жеті адам қаза тапты. 256 адам түрлі дене жарақаттарын алған, - деді Нұржан Әшімбетов.
Қала басшысының айтуынша, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайзға артық.
Назым Қарабаева
Фото: pavlodarnews.kz