Корпорацияның қаржылай қолдауы арқасында 500 млн теңгеден аса несие алған «Байсерке-Агро» ЖШС қолындағы сүт-тауарлы фермасының қуаттылығын 850 бас ірі қара малға дейін арттыруға мүмкіндік алды, деп жазады Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Корпорацияның қолдауы есебінен шаруашылыққа қажет жаңа құрал жабдықтар сатып алынып, құрылыс жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ сүт-тауарлы фермасы алдағы уақытта тәулігіне 16 тонна сүт сауып, осы арқылы жылына 5 мың тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр.
Анықтама үшін:
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
Фото: www.idpr.ru