Павлодарда Усолка өзенінде шомылып жүрген 23 жастағы бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметіне сүйенсек, 14-тамыз, жексенбі күні сағат кешкі 18.07-де "Дельфин" станциясына қарама-қарсы бағытта суда жүзген тұрғын абайсызда мойынын ауыртып алған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: pavlodarnews.kz.