Әзірбайжанның Қорғаныс министрі Зәкір Ғасанов Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» байқауында Қазақстанның әскери қызметшілері қол жеткізген нәтижелерді жоғары атап өтті. Генерал-полковник Зәкір Ғасанов қазақстандық танкішілерге атаулы сағаттар табыс етті, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» байқауында 17 қатысушы команда арасында үшінші болып, осы сайыстың қола жүлдесін жеңіп алды. «Танк биатлоны» байқауының финалында Мәскеу қаласының маңындағы «Алабино» полигонында Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Қытайдың экипаждары өнер көрсетті. Барлық командалар ресей тарапымен ұсынылған Т-72Б3 танктерінде өнер көрсетті. Қытай командасы сайыстарға жеке меншік өндірісінің танкісінде, ал Белоруссияның әскери қызметшілері республиканың кәсіпорындарында жаңартудан өткен Т-72 танкісінде қатысты.
Азия, Еуропа, Африка және Латын Американың 19 мемлекетінен 120 армия командасы арасында әскери қызметшілеріміз екінші жалпы командалық орынды еншілегенін айта кетейік. Биылғы жылы Армия халықаралық ойындары ерекше мазмұндылығы және ауқымдылығымен ерекшеленді. Халықаралық ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың, бейбітшілік пен ниеттестік кепілінің жаңа символына айналды. Бұл ретте Қазақстан ойындарды жай сайыс ретінде ғана қарастырмайды.
Олардың мәні бәсекелестік рухтың әскери бауырластықтың рухымен қорытпасы негізінде ашылады. 600-ден аса әскери қызметшіміз Ресейдің түкпір-түкпірінде орналасқан 19 әскери полигонда құрлықта, теңізде және көк аспанда Қазақстан Қарулы Күштеріміздің намысын қорғады.
Фото: www.mod.gov.kz