ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облыстық департаменті өңірге қарасты көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары А.Сүлейменқұлов пен М.Жұмағұловты тұтқынға алды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметінен хабарлады.
«А.Сүлейменқұлов пен М.Жұмағұловтың бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, облыс аумағына кедергісіз өту үшін жүк және арнайы көлік құралдарының жүргізушілерінен 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі көлемдегі параны тұрақты түрде алып отырғандығы анықталды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта А.Сүлейменқұлов пен М.Жұмағұлов Талдықорған қалалық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Марлан Жиембай
Фото: www.inform.kz