Қарағандыда ЖПП қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ ұсталды

Бір күн үшін параның жалпы сомасы 200 мың теңгеден асқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстық ІІД-нің Жергілікті ПҚ жол-патрульдік қызметі полкінің қызметкерлері құрамындағы қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА, ведомствоның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Лауазымды тұлғалар капитан А. Қарашин, және старшина Н. Баграмов, старшина Е. Крутин Қарағанды қаласынан шығар кезде Екатеринбор-Алматы жолының «Соқыр» стационарлық бекетінен құжаттарды тексермей, көлікті қарамай кедергісіз өткізгені үшін жүк көліктерінің жүргізушілерінен жүйелік негізде бопсалау жолымен алдын ала сөз байласып, пара алған. Бір күн үшін параның жалпы сомасы 200 мың теңгеден асқан.

Фото: www.inform.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: