Қазақстандық десантшылар биылғы жылы алғаш рет суға парашютпен секірді

Секіргендер арасында бірнеше мәрте секірген тәжірибелі офицер-нұсқаушылар және бірінші рет секірген келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де болды.

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері парашюттік даярлық бойынша жоспарлы сабақтар өткізді. Осы жылы десантшылар алғаш рет су бетіне парашютпен секірді. Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің 200-ге жуық әскери қызметшісі 600 метр биіктіктен Ми-17 тікұшағынан парашютпен секірді. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Суға секіру дайындықтан тұратын бірқатар ерекшеліктермен айрықшаланады. Секірер алдында жеке құрам 100 метрге жүзу бойынша сынақ тапсыруы тиіс. Жерүсті пысықтауда суға түсу кезінде арнайы жаттығуды пысықтау. Яғни, әскери қызметшілер, кезекпен-кезек аспалы жүйені ағытып, авиациялық құтқару кедеушесін пайдалана білуі тиіс. Бұл ретте парашюттік жүйе адамды бүркейтіндігі аса қауіпті болып табылады.

Секіргендер арасында бірнеше мәрте секірген тәжірибелі офицер-нұсқаушылар және бірінші рет секірген келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де болды. Бұл ретте десантшылар қойылған тапсырмаларды да пысықтады.

Сонымен, парашютпен секіріп, суға түскеннен кейін олар құрғақ жерге шығып, Қапшағай жағалауының қорғанысына тұруға тиіс болды. Секірулер 4-сериялы Д-6 парашютімен орындалғанын айта кетейік.

Фото: www.mod.gov.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: